Қайрат Сәтжанов Баходир Джалоловтың үйінде қонақ болды
Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Ташкентте өткен оқу-жаттығу жиыны барысында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалоловтың үйінде қонақ болып, 2026 жылдың наурыз айында Өзбекстан құрамасы Қазақстанға келетінін мәлімдеді.
Қазақстандық 18 жастағы теннисші қатарынан екінші жартылай финалға шықты
Әмір Омарханов (ATP рейтингінде – №1110) Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінде тағы да жартылай финалға жолдама алды. Монастир қаласының корттарында өнер көрсетіп жүрген жас қазақстандық бұл жетістігімен қатарынан екінші аптада 1/2 финалға шығып отыр.
Станимир Стоилов ҚПЛ-ге оралуы мүмкін бе? Болгариялық маманға қызығушылық бар
Қазақстан Премьер-лигасының ең атақты клубтарының бірі – «Ақтөбе» бас бапкер қызметіне болгариялық маман Станимир Стоиловтың кандидатурасын қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Тәжірибе жинауға емес, белбеуге келді: Өзбек жұлдызының дебюті жанкүйерлерді дүрліктірді
Өзбекстан бокс мектебінің кезекті жұлдызы саналатын Джавохир Умматалиев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады. 20 жастағы боксшы Челябіде (Ресей) өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген әзербайжандық Рахим Алиевті ұтып, профи мансабына мықты қадам жасады.
Қазақстан бокстан әлем чемпионатына баратын құрамын жариялады
Ұлттық құрама Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бастамасымен әлем чемпионатына баратын боксшылар тізімін ресми түрде жариялады.
Қазақстандық профи өзбек чемпионына сабақ берді
Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының боксшысы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өткен спаррингте атақты өзбек қарсыласына өзінің жоғары деңгейін көрсетті.
CR7 октагонға жақындай түсті
Португалия құрамасының және саудиялық «Әл-Наср» клубының 40 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду жекпе-жек ұйымы WOWfc-тің үлескері болғанын ресми түрде жариялады. Оны Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды
Әлем чемпионы Айбек Оралбай Баходир Джалоловпен футбол ойнады (ВИДЕО)
Казақстандық белгілі боксшы Айбек Оралбай өз жанкүйерлерін күтпеген жерде қуантты. Ол Өзбекстанның атақты суперауыр салмақ жұлдызы Баходир Джалоловпен бірге бокс залында емес, футбол алаңында көзге түсті.
«Барыс» екі рет алға шыққанымен Уфада ірі есеппен ұтылды
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Салават Юлаевқа» ірі есеппен есе жіберді.
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға бермей, бірден негізгі командаға қоспақ
Лондондықтар 17 жастағы қазақстандық шабуылшыны келешекте клубтың негізгі құрамына бірден енгізуді жоспарлап отыр.
Роджер Федерер тенниске қайта оралуға ишара жасады
Теннис аңызы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Роджер Федерер кортқа қайтадан тұрақты шыға бастады. Ол әзірге ресми турнирлерге оралуды мақсат етпесе де, көрме матчтарына қатысу және ойыншыларға кеңес беру бағытында белсендірек болатынын айтты.
Қайрат Нұрдәулетов ҚПЛ клубы тізгінін ұстауға жақын
Талдықорғанның «Жетісу» клубы бас бапкер лауазымына екі негізгі кандидатты қарастырып жатыр. Олардың ішінде фаворит ретінде бұрын командамен жұмыс істеген Қайрат Нұрдәулетов аталып отыр.
«Телефоны 22:30-да өшірулі»: Боксшыларға Төрехан Сабырханды үлгі тұту ұсынылды
2025 жылғы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан рингтегі шеберлігімен ғана емес, оның сыртындағы мінез-құлқы және кәсіби тәртібімен де қазақстандық боксшыларға үлгі болып жүр.
Даудан кейін түркістандық чемпионның жалақысы қайта есептелді
Қазақстан құрамасының жүзушісі Софья Сподаренко Түркістан облысында өзіне төленетін айлықтың заңсыз қысқарғанын айтып, дабыл қаққаннан кейін спортшының жалақысы қайта қаралды. Алайда бірнеше маңызды сұрақ әлі де ашық тұр.
«Қайрат» Копенгагенде камбэкке жақын болды
Алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда Данияда «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліп қалды.
17 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді
Қазақстан құрамасы және «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне кірді.
Даниядағы «Копенгаген» – «Қайрат» матчында сенсация тіркелді
Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының (UEFA Youth League) жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайын Данияда тіркеді. Қазақстандық клуб сырт алаңда «Копенгагенмен» 2:2 есебімен тең ойнады.
«Махачев емес!» Шавкат Рахмонов жанкүйерлерді таңғалдырған келесі қарсыласын атады
Қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында октагонға қайта оралуға әзір екенін айтты. Ол келесі жекпе-жегін UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усманға қарсы өткізгісі келетінін мәлімдеді.
«Демалған қазақтар». Даниялық БАҚ «Копенгаген» – «Қайрат» матчы алдында не жазуда?
Бүгін 26 қарашада Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Данияның «Копенгагеніне» қарсы ойын өткізеді. Матч қарсаңында жергілікті басылымдар қазақстандық клуб туралы не жазып жатыр?
Жеңілмеген жапондық экс-әлем чемпионын нокаутқа түсіріп, оның карьерасын жапты
Жапониядағы бокс кешінде бұрынғы әлем чемпионы Карлос Куадрас ауыр нокаутқа түсіп, карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. 37 жастағы мексикалықты кәсіпқой бокстағы бар-жоғы үшінші жекпе-жегін өткізген жапондық Томое Цубои тоқтатты.