Ұлттар Лигасындағы тартыс басталды: Финалға кім шығады?
4 маусым күні Мюнхенде Германия мен Португалия кездессе, 5 маусымда Штутгарт алаңында Испания мен Франция арасындағы аса тартысты матч өтеді.
Әли Әлиев Қазақстан құрамасының басты мақсатын атады (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы жолдастық кездесулер қарсаңында басты мақсатты атады.
Магомед Адиев жаңа клубпен келісімге келді
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері және соңғы уақытта "Химки" клубының уақытша жаттықтырушысы болған Магомед Адиев енді "Крылья Советов" клубын баптайды.
16 жастағы қазақ футболшысы Nike-пен келісімшартқа отырды
Дастан Сәтпаев әлемге әйгілі Nike брендімен келісімшартқа отырып, қазақ футболында тарихи жетістікке қол жеткізді.
Беллингем "Реалдан" гөрі басқа клубты таңдады
Ағылшын футболының жас жұлдызы, "Сандерленд" клубының орталық жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем мадридтік "Реалдың" жолымен емес, дортмундтық "Боруссияны" таңдағанын хабарлады.
Елдос Сметов елден неліктен кеткенін көрсетті (ВИДЕО)
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қазақстанның даңқты дзюдошысы Елдос Сметовтің қатысуымен арнайы видеоны жариялады.
Қазақтың жойқын соққысы "Канело" Альваресті таңғалдырды (ВИДЕО)
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, үш дүркін ел чемпионы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) мексикалық бокстың жұлдызы Сауль "Канело" Альваресті (63-2-2, 39 КО) қатты таңғалдырды.
Жеңілмеген қазақ боксшы әлем құрамасына шақырту алды (ВИДЕО)
Жеңілістің ащы дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Рахат Сейітжан әлем құрамасының сапына енді. Бұл құрама 21 маусымда Санкт-Петербургте Ресей құрамасына қарсы матчтық кездесуге қатысады. Жекпе-жек Петербург халықаралық экономикалық форумының (ПМЭФ) аясында өтеді.
Ақтөбеде халықаралық талаптарға сай жаңа стадион салынады
Ақтөбе облысы футбол инфрақұрылымын дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) өңірде заманауи стадион салынатынын мәлімдеді.
Таиландтағы жекпе-жек: Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді (ВИДЕО)
20 жастағы қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Тимур Баситов (4-0, 3 KO) Бангкоктағы кәсіпқой бокс кешінде рингке көтерілді. Оған аса тәжірибелі индонезиялық Александр Баджава (43-18-4, 16 KO), IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бұрынғы чемпион қарсы тұрды.
"Тоттенхэм" Еуропа Лигасында жеңіске жетелеген бапкерін жұмыссыз қалдырмақ
Лондондық клуб бас бапкер Анге Постекоглумен қош айтысуға бел буды. Бұл жөнінде бельгиялық спорт журналисі Саша Тавольери мәлім етті.
"ПСЖ" ЧЛ-дағы жеңісі үшін УЕФА-дан қанша ақша алатыны белгілі болды
Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген француз клубы УЕФА-дан 148,4 миллион еуро алатын болды.
"Бөлінбеу керек": Дамир Буданбеков Бақыт Сәрсекбаев жайлы пікір білдірді
Тәжірибелі маман болашақ бапкердің бағыты мен болашағына баға берді.
"Қазақ дербиі" Бангкокты дүр сілкіндірді: Диас пен Тоқтарбек өзара мықтыны анықтады (ВИДЕО)
Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалында қазақ дербиі өтті. Диас Молжігітов пен Қытай құрамасының этникалық қазақ өкілі Тоқтарбек Таңатхан 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін шаршы алаңда жолықты.
WBA чемпионы жеңіліп қалды: Лас-Вегастағы басты жекпе-жек сенсациямен аяқталды (ВИДЕО)
Суперорта салмақта (76,2 кг дейін) WBA ұйымының уақытша чемпионы, америкалық Калеб Плант (23 жеңіс, 3 жеңіліс, 14 нокаут) мексикалық Хосе Армандо Ресендиске (16 жеңіс, 2 жеңіліс, 11 нокаут) ұпай санымен есе жіберді.
Қызылордада жаңа стадионның құрылысы қарқын алды (ВИДЕО)
Қызылордада УЕФА талаптарына сай салынып жатқан жаңа футбол стадионының құрылысы қызу жүріп жатыр.
35 миллион еуроға лайық па? "Ливерпульдің" жаңа трансфері жанкүйерлерді екіге бөлді (ВИДЕО)
Германияның "Байер" клубында өнер көрсеткен нидерландтық қорғаушы Джереми Фримпонг мерсисайдтықтар сапына қосылды.
"Тобыл" Қостанайда "Атырауды" ойсырата жеңді (ВИДЕО)
Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турында "Тобыл" клубы өз алаңында "Атырауды" 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұл матчта алаң иелері айқын фаворит саналды және сол үмітті толық ақтады.
Қазақстан кубогы – 2025: Классик балуандар арасында кімдер "алтын" иеленді?
Астанада 24–30 мамыр аралығында өткен күрестің үш түрінен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Бұған дейін еркін күрес пен әйелдер арасында іріктеу турнирлері өтсе, соңғы күндері грек-рим күресі шеберлерінің жарысы өтті.
Қазақстанда көлік әйнектерін қараңғылауға рұқсат беріле ме? ІІМ түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігі бұл тақырыпты ашық талқылауға дайын. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.