Жарнама
Жарнама
Жаттығудан кейін ағзаны қалпына келтіретін 5 өнім аталды
ашық дереккөздерден алынды

Жаттығудан кейін ағзаны қалпына келтіретін 5 өнім аталды

Физикалық жаттығулардан кейін ағзаға қажетті қоректік заттарды жеткізу үшін пайдалы тамақтану маңызды.

Маманның айтуынша, жұмыртқа, майлы балық, қарақұмық, жидектер және жаңғақ ағзаны қажетті ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен басқа да нутриенттермен қамтамасыз етуге көмектеседі.

  • Жұмыртқа - толыққанды ақуыздың көзі. Сонымен қатар оның құрамында В тобының дәрумендері мен холин бар. Холин жүйке жүйесінің қалыпты жұмысына қажет.
  • Лосось, скумбрия және майшабақ сияқты майлы балық түрлерінде ақуызбен қатар омега-3 май қышқылдары кездеседі.
  • Қарақұмық ағзаны күрделі көмірсулармен, магниймен қамтамасыз етеді. Бұл өнім жоғары физикалық жүктеме кезіндегі тамақтанудың бір бөлігі бола алады.
  • Жидектердің құрамында С дәрумені мен полифенолдар бар. Олар күнделікті рационды пайдалы қоректік заттармен толықтыруға көмектеседі.
  • Жаңғақтар қанықпаған май қышқылдарына, Е дәруменіне және басқа да нутриенттерге бай. Алайда жаңғақтың калориясы жоғары болғандықтан, маман оны көп мөлшерде емес, шағын порциямен тұтынуға кеңес береді.

Биотехнологтың сөзінше бір ғана өнім ағзаны өздігінен толық қалпына келтіре алмайды. Жаттығудан кейін қалыпқа келу үшін пайдалы тамақтану, жеткілікті ұйқы, қажетті мөлшерде сұйықтық ішу, денеге түсетін жүктемені дұрыс жоспарлау және ағзаны демалдыру аса маңызды.

Жарнама
Жарнама