Алдағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада қатар өтеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінің өтетін уақыты мен орнын жария етті. Шара 5 желтоқсанда Вашингтондағы Джон Ф. Кеннеди атындағы Өнер орталығында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақ үйде өткен жиында ФИФА басшысы Джанни Инфантино да ресми мәлімдеді.
Еске салсақ, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада қатар өтпек. Бұл — тарихта тұңғыш рет бірден үш мемлекет қабылдайтын мундиаль болмақ.
Тағы бір тарихи ерекшелік – финалдық кезеңге бұрынғыдай 32 емес, бірден 48 ұлттық құрама қатысады. Бұл шешім турнирдің ауқымын кеңейтіп, жанкүйерлерге бұрын-соңды болмаған футбол мерекесін сыйламақ.