Ислам Чесноков «Хартсқа» ауысуы жайлы пікір білдірді.
Исламның айтуынша, барлығы маусым аяқталғасын белгілі болады:
«Әркімнің өз пікірі бар, әркім өз ойын жазады. Қостанайлықтармен қазанның соңына дейін жарамды келісімшартым бар, әзірге «Тобылдың» ойыншысымын. Сондықтан ештеңе дей алмаймын», – деді BAQ.kz-ға берген сұхбатында.
Эдинбург ұжымының Исламмен келісімге келгенін бапкер Дерек Маккинестің өзі хабарлап отыр. Аталған маман жаз айынан бері “Хартс” командасына Чесноковты қалайда болсын құрамға алдырту керектігін барынша жеткізіп келген болатын.
Естеріңізге салсақ, былтырғы маусымда ҚПЛ-дің үздік ойыншы номинациясын жеңген Чесноков биылда тамаша өнер көрсетуде. 25 жасар шабуылшы 27 ойында 1 гол соғып, үш ассист жасаған болатын. Нәтижесінде “Тобыл” командасымен Қазақстан Кубогінде жеңімпаз атанды.
Қазірде “Хартс” клубы Шотландия Премьер-лигасының 7-тур қорытындысы бойынша 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 1 орында келеді.