Дастан Сәтпаев Лондонға ұшты (ФОТО)
Дереккөз әуежайдан түсірілген суретті жариялап, Дастан Сәтпаевтың Англияға жолға шыққанын жазды.
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонға аттанды. Ол жақын уақытта "Челси" клубының базасына барып, маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл туралы Scout in Eurasia атты X-аккаунт хабарлады.
"Дастан Сәтпаев Лондонға ұшып кетті. Ол жақта "Челсидің" маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қосылады. Ол анасымен бірге жолға шықты, ал үлкен ағасы Дархан оны әуежайға шығарып салуға келді", — деп жазды дереккөз.
Отбасы әуежайдан шығарып салды
Желіде тараған суретте Дастан Сәтпаев әуежайда жақындарымен бірге тұрғаны көрінеді. Жас футболшы үшін бұл сапар оның мансабындағы жаңа әрі маңызды кезеңнің басталуын білдіреді.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев осы айда алматылық "Қайратпен" ресми түрде қоштасты. Ол тамыз айында 18 жасқа толады.