"Қайрат" сырт алаңда "Оқжетпесті" жеңіп, ҚПЛ-де көш бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
27.06.2026, 19:10

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 16-турында "Оқжетпестен" басым түсті. 

instagram/@fcokzhetpes

Бірінші таймда екі гол соғылды

Матч басынан алаң иелері белсенді қимылдап, шабуылда жиі көрінуге тырысты. Бірақ алғашқы голды қонақтар соқты. “Қайрат” сапынан Ойва Юккола қорғаныстағы қателікті тиімді пайдаланып, қақпашымен жеке-дара шықты. 

Көп ұзамай “Оқжетпес” жауап қайтара алды. Бектемір Әбдуманнонов дәл соққысымен таразы басын теңестіріп, бірінші таймдағы интриганы сақтап қалды.

“Қайрат” екінші таймда шешуші соққы жасады

Үзілістен кейін алматылық клуб ойын ырғағын өз бақылауына алуға тырысты. Бұл қысым нәтижесіз қалған жоқ. Алдымен Лукас Африко командасын қайта алға шығарса, кейін Эдмилсон матч нүктесін қойды.

Осылайша “Қайрат” сырт алаңда “Оқжетпесті” 3:1 есебімен жеңіп, чемпиондық тартыста аса маңызды үш ұпайға ие болды.

Бұл жеңістен кейін “Қайраттыңә еншісінде 36 ұпай болды. Алматылықтар “Ордабасыдан” екі ұпайға озып, ҚПЛ кестесінде көш бастады. Дегенмен шымкенттіктерде әлі үш ойын қоры бар.

Реклама
Реклама