"Елімай" еурокубоктағы тарихи матчта жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
09.07.2026, 23:18

Семейдің "Елімай" тарихындағы алғашқы еурокубоктық кездесуін өткізді.

instagram/@fc_elimai

Еревандағы тарихи ойын

Конференция лигасының 2026/2027 маусымындағы бірінші іріктеу кезеңі аясындағы кездесу Еревандағы Армения футбол федерациясы академиясының стадионында өтті.

Матчтың алғашқы бөлігі тартысты өтті. 17-минутта семейліктердің капитаны Рамазан Оразов жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бұл командаға ойын басындағы ауыр соққы болды.

Ал бірінші тайм аяқталғаннан кейін қос команда ойыншылары арасында келіспеушілік туындап, алаңда кішігірім қақтығыс болды.

Жеңісті сақтай алмады

Екінші таймда алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірнеше сәтте "Елімайды" қақпашы Иван Коновалов құтқарып қалды.

Бұған жауап ретінде семейлік команда жылдам шабуыл ұйымдастырып, Әрсен Әшірбек қақпашымен бетпе-бет шықты. Қазақстандық футболшы мүмкіндігін мүлт жібермей, допты қақпа торына дәл бағыттады.

Бірақ "Елімай" есепті ойын соңына дейін сақтай алмады. 86-минутта Давид Тертеян таразы басын теңестіріп, матчтың қорытынды есебін орнатты.

"Елімай" мен "Алашкерт" арасындағы қарымта кездесу 16 шілдеде өтеді.

Реклама
Реклама