Англия - Мексика матчы әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты

Спорт шолушысы

Футболдан әлем чемпионатының Мексика мен Англия құрамалары арасындағы 1/8 финалдық кездесуі телетрансляция бойынша тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Англия - Мексика матчы әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты
Carl de Souza/AFP/Getty Images

Motivaciones Fútbol мәліметінше, Мехикодағы әйгілі “Ацтека” стадионында өткен ойынды әлем бойынша 105 миллион адам тамашалаған. Мексикадағы трансляцияны 60 миллион көрермен бақылап, бұл елдегі XXI ғасырдағы ең көп қаралған футбол матчы атанды.

Ал АҚШ-та Fox Sports пен Telemundo арналары арқылы кездесуді шамамен 45 миллион адам тамашалады. Бұл – ел тарихындағы футбол матчтарында тіркелген ең жоғары телевизиялық аудитория. 

Англия ширек финалға шықты

Еске салайық, тартысты кездесуде Англия құрамасы Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде ағылшындар Норвегия құрамасымен кездеседі, ал турнир қожайындарының бірі Мексика жарысты аяқтады.