"Астана" еурокубок маусымын сырт алаңдағы жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

"Астана" УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 маусымындағы алғашқы кездесуін Албанияның "Динамо Сити" командасына қарсы өткізді.

"Астана" еурокубок маусымын сырт алаңдағы жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Instagram/@fca.astana

Кездесудің алғашқы бөлігінде екі команда да шабуылға жиі шығып, қауіпті сәттер жасады. Алаң иелері де, қонақтар да есеп ашуға мүмкіндік алды. Бірақ бұл эпизодтарда екі қақпашы — Альдо Текья мен Йосип Чондрич сенімді ойынымен ерекшеленді.

Екінші таймда ойын қарқыны төмендеген жоқ. Елордалықтар қысымды арттырып, шешуші сәтте өз мүмкіндігін пайдаланды. Рамазан Кәрімов айып алаң ішінен дәл соққы жасап, матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.

Бұл жеңістен кейін "Астана" Конференция лигасының келесі кезеңіне шығу мүмкіндігін арттырды. Қарымта кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.