"Ақтөбе" миландық "Интердің" экс-ойыншысын таныстырды

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 21:00

29 жастағы бельгиялық қорғаушы Сенна Мианге "Ақтөбе" ФК жаңа ойыншысы атанды. 

leopardleader.com

"Ақтөбе" Миангені ерекше видеомен таныстырды

Клубтың Instagram желісінде жарияланған бейнероликте бельгиялық қорғаушы "Ақтөбенің" жейдесін киіп, Қобыланды батыр атындағы стадион бейнеленген пазлдың соңғы бөлігін орналастырады.

Сондай-ақ видеода жаңа ойыншының клубтық фотосессиясынан кадрлар көрсетілген. Осылайша "Ақтөбе" Сенна Миангенің команда қатарына қосылғанын ресми түрде растады.

Бұған дейін қайда ойнаған?

Сенна Миангенің соңғы клубы Венгрияның "Дьер" командасы болды. Қорғаушы бұл ұжым сапында тоғыз ай бойы өнер көрсетті. Мансабында Еуропаның бірнеше танымал клубында ойнаған. Ол әр жылдары:

  • миландық "Интердің";
  • италиялық "Кальяридің";
  • бельгиялық "Стандардтың";
  • "Серкль Брюггенің" намысын қорғады.

Мианге — бельгиялық "Беерсхот" клубының түлегі.

Бельгия құрамаларында 41 матч өткізген

Сенна Мианге Бельгияның жасөспірімдер және жастар құрамаларына шақырту алған. Ол әртүрлі жас санатындағы ұлттық командалар сапында барлығы 41 кездесу өткізді.

Transfermarkt порталының бағалауынша, футболшының қазіргі трансферлік құны 450 мың еуро.

Реклама
Реклама