"Бернлиге" ауысқан Дастан Сәтпаев алғаш рет пікір білдірді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа ағылшындық клубта алғашқы мәлімдемесін жасады.
Жаңа тәжірибе
18 жастағы футболшының сөзінше, жаңа клубы өзінің мүмкіндіктерін көрсетуге қолайлы орта болмақ.
“Бұл жерде болғаныма өте қуаныштымын. Менің мансабым үшін бұл – керемет мүмкіндік. “Бернли” өз қабілетімді көрсетуге тамаша клуб деп ойлаймын. Командаға лайықты деңгейіне қайта оралуға көмектескім келеді. Бұл – менің ағылшындық футболдағы алғашқы тәжірибем. Жаңа кезеңді бастауға және “Бернлиде” сәтті кезең өткізуге толықтай дайынмын”, – деді Сәтпаев.
Бұған дейін “Бернли” Дастан Сәтпаевтың “Челсиден” жалға алу шартымен ауысқанын ресми түрде жариялаған. Қазақстандық шабуылшы жазғы маусым алдындағы дайындық кезінде “Челсидің” бірнеше жолдастық кездесуіне қатысып, лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соққан.
“Қайраттағы” көрсеткіші
Дастан Сәтпаев кәсіби мансабын “Қайратта” бастады. Футболшы негізгі команда сапындағы дебютін 15 жасында 2024 жылдың мамырында жасады. Осы күнге дейін “Қайрат” құрамында 58 матч өткізіп, 26 гол соқты. Оның арасында УЕФА Чемпиондар лигасындағы кездесулер де бар.