Жарнама
Жарнама

А сериясындағы клуб 17 жастағы қазақстандық талантқа қызығушылық танытты

"Қайрат" академиясының 17 жастағы шабуылшысы Дәулет Орынбасар Италияның "Комо" клубының назарына ілікті.

А сериясындағы клуб 17 жастағы қазақстандық талантқа қызығушылық танытты
instagram/@daukinio_7

"Комоның" назарына ілікті

"Қайрат" академиясында тәрбиеленіп жатқан вингер италиялық клуб қызығушылық танытып отырған жас ойыншылардың кеңейтілген тізіміне қосылған.

Бірнеше ай бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы туралы бельгиялық скаут Тис Хойбергс арнайы есеп дайындаған. Италиялық клубтың мамандарына Дәулет Орынбасардың шабуылдағы белсенділігі, гол соғу қабілеті және алаңдағы ептілігі ұнаған.

Сонымен қатар скауттық есепте футболшының физикалық көрсеткіштері әлсіз тұстарының бірі ретінде көрсетілген. 17 жастағы ойыншының бойы — 163 сантиметр.

Әзірге әңгіме Орынбасардың "Комоның" негізгі командасына емес, жастар құрамына ықтимал ауысуы туралы болып отыр.

"Қайрат-Жастар" сапындағы алғашқы гол

Жас шабуылшы жуырда "Қайрат-Жастар" командасындағы алғашқы голын тіркеді.

Бірінші лиганың 19-турында "Тұранға" қарсы өткен кездесуде Дәулет Орынбасар қосалқы құрамнан алаңға шығып, қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Алматылық команда бұл матчта 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама