Жарнама
Жарнама

Конференция лигасы: "Қайраттың" матчтар кестесі белгілі болды

Алматылық клуб Конференция лигасындағы жорығын 15 қазанда бастайды.

Конференция лигасы: "Қайраттың" матчтар кестесі белгілі болды
Offside.kz

УЕФА 2026/27 маусымындағы Конференция лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсететін алматылық "Қайраттың" матчтар кестесін жариялады.

Рафаэль Оразбахтин шәкірттері турнирді Латвияда бастап, жалпы кезеңдегі соңғы ойынын Нидерландыда өткізеді.

Алматылық клуб Конференция лигасындағы жорығын 15 қазанда бастайды. Бірінші турда "Қайрат" сырт алаңда латвиялық "Ригамен" кездеседі. Одан кейін Алматыда Грекияның "Панатинаикосы" қонақ болады.

Үшінші турда қазақстандық команда Италияға барып, "Аталантамен" күш сынасады.

"Қайраттың" Конференция лигасындағы толық кестесі

  • 1-тур, 15 қазан – "Рига" (Латвия) – "Қайрат"
  • 2-тур, 22 қазан – "Қайрат" – "Панатинаикос" (Грекия)
  • 3-тур, 5 қараша – "Аталанта" (Италия) – "Қайрат"
  • 4-тур, 26 қараша – "Қайрат" – "Мьельбю" (Швеция)
  • 5-тур, 10 желтоқсан – "Қайрат" – "Университатя" Крайова (Румыния)
  • 6-тур, 17 желтоқсан – "Твенте" (Нидерланды) – "Қайрат"

Алматылық клуб еурокубоктағы жорығын жалғастырады

"Қайрат" еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған болатын. Алматылықтар турнирдің үшінші раундына дейін жетіп, кейін Еуропа лигасының іріктеуіне ауысты.

Еуропа лигасында қазақстандық клуб "Андерлехтпен" кездесіп, екі матчтың қорытындысы бойынша қарсыласына жол берді.

Жарнама
Жарнама