"Бернлидің" бас бапкері Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады
Англиялық "Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.
Бас бапкердің айтуынша, Сәтпаев қарсыластың қақпасына қауіп төндіріп, команданың нәтижесіне әсер ететін ойыншылардың бірі.
"Дастан өте талантты футболшы, небәрі 18 жаста. Бірақ оның шеберлігіне және қарсылас қақпасының маңында төндіретін қаупіне қарасаңыз, бұл біздің команда үшін үлкен артықшылық. Біз чемпионатта 46 матч, сондай-ақ кубоктық кездесулер өткізуіміз керек. Сондықтан мүмкіндігінше көп футболшыны алаңға шығарып, ойынның жоғары деңгейін сақтағымыз келеді. Әркім өз мүмкіндігінің шегінде өнер көрсетуі керек. Алайда 46 матчтың барлығында бар күшіңді сарқып ойнау мүмкін емес. Сол себепті бізге нәтижеге әсер ете алатын ойыншылардан құралған кең құрам қажет. Дастан – солардың бірі. Әр футболшы маңызды рөл атқаруы керек", – деді Ники Хайен баспасөз мәслихатында.
Дастан Сәтпаев қазір Чемпионшиптегі матчта алған жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр. Қазақстандық футболшы ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзіліс аяқталғаннан кейін алаңға оралуы мүмкін.