Жарнама
Жарнама
"Жетісу" футболшылары бойкот жариялауға дайын
“Жетісу” ФК

"Жетісу" футболшылары бойкот жариялауға дайын

Талдықорғандық "Жетісу" клубында қаржылық мәселеге байланысты жағдай күрделене түсті.

Команда ойыншылары үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмағаны және алдағы матчтар мен жаттығуларға бойкот жариялауға дайын екені хабарланды. Бұл туралы "Серый CARDINAL" арнасы жазды.

Ақпаратқа сәйкес, "Жетісу" футболшылары бұған дейін Жетісу облысының әкіміне үндеу жасаған. Осыдан кейін команда ішінде наразылық күшейген.

"Ойыншылар үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмаған. Футболшылар матчтар мен жаттығуларға бойкот жариялауға дайын", – деп мәлімдеді дереккөз.

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында "Жетісу" әзірге 26 матч өткізіп, 22 ұпай жинады. Талдықорғандық клуб 10 қазанда сырт алаңда алматылық "Қайратпен" кездеседі.

Футболшылардың бойкот жариялау туралы шешімі бұл матчқа қатысуына әсер ете ме, әзірге белгісіз.

Жарнама
Жарнама