Жарнама
Жарнама
"Челси" шешеді: "Бернли" жанкүйерлері Сәтпаевқа ойнамауына наразы
asnews.kz

"Челси" шешеді: "Бернли" жанкүйерлері Сәтпаевқа ойнамауына наразы

"Челси" қазақстандық шабуылшының Чемпионшип аясындағы "Чарльтон Атлетикке" қарсы матчқа қатысуына рұқсат бермей қойған еді. 

"Бернли" жанкүйерлері қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың командада тұрақты ойын тәжірибесін ала алмай жүргеніне наразылық білдірді.

goalkz_official мәліметінше, сынның негізгі бөлігі "Челси" мен "Бернли" басшылығына бағытталған. Жанкүйерлер лондондық клубтың жалға берілген ойыншының матчқа қатысуына ықпал етуін түсінбей отыр.

"Негізгі сын "Челси" мен осындай жалдау шарттарына келіскен "Бернли" басшылығына бағытталып отыр. Біреулер Сәтпаевты "Челсиге" қайтаруды ұсынса, енді біреулер неге лондондық клуб "Бернли" сапында кімнің алаңға шығатынын шешуі керек деген сұрақ қойып жатыр", – делінген жазбада.

"Челси" Сәтпаевтың ойынға қатысуына рұқсат бермеді

Бұған дейін Дастан Сәтпаев жарақаттан кейін "Бернлимен" бірге жаттығуға қайта кіріскені хабарланды. Алайда кейін "Челси" қазақстандық шабуылшының Чемпионшип аясындағы "Чарльтон Атлетикке" қарсы матчқа қатысуына рұқсат бермегені белгілі болды.

Жалпы, Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында "Челсиден" жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетіп жүр. Ол Англияда әзірге төрт ресми матчқа қатысты.

Жарнама
Жарнама