Нигерияда экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа отырған Lexus көлігі қатысқан ауыр жол апатының алдын ала себебі жарияланды. Оқиға 2025 жылғы 29 желтоқсанда Лагос–Ибадан тасжолында, Огун штатындағы Макун маңында болған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Джошуа артқы орында отырған қара түсті Lexus жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Боксшы жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, жағдайы тұрақты деп бағаланған.
The Guardian жазғандай, Нигерияның жол қауіпсіздігі қызметі (FRSC) жүргізген алдын ала тексеріс Lexus көлігі рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары жүрген болуы мүмкін екенін көрсеткен. Көлік озып өту маневрі кезінде басқарудан айырылып, қозғалмай тұрған жүк көлігіне соғылған.
Сондай-ақ, аталған материалда жол қозғалысын қадағалау органының өкілі Бабатунде Акинбийи алғашқы зерттеу нәтижелерінде көлік Лагостан Сагамуға қарай қозғалған сәтте шамадан тыс жылдамдық салдарынан дөңгелегі жарылып, содан кейін басқару жоғалғанын айтқаны келтіріледі.
Бұл — алдын ала қорытынды. Тергеу толық аяқталған соң ғана түпкілікті баға беріледі.
Апат салдарынан Джошуаның командасындағы екі адам көз жұмды:
Екеуі де Джошуамен ұзақ жылдар бірге жұмыс істеп, жақын ортасына кіргені айтылады.