Жарнама
Жарнама

Қазақстан күресіне еңбегі сіңген бапкер дүниеден өтті

Спорт қауымдастығы марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан күресіне еңбегі сіңген бапкер дүниеден өтті
Sportarena.kz

Грек-рим күресінің ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Танат Өмірзақұлы Сағындықов өмірден өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

Өмірін отандық күреске арнады

Танат Сағындықов саналы ғұмырын Қазақстандағы грек-рим күресінің дамуына арнаған белгілі мамандардың бірі болды.

Ол бапкерлік қызметінде көптеген балуанның үлкен спортқа қадам басуына ықпал етіп, жас спортшылардың қалыптасуына зор үлес қосты.

Сонымен қатар Танат Өмірзақұлы ұлттық құрама сапында еңбек етіп, шәкірттерін халықаралық деңгейдегі маңызды жарыстарға дайындады.

Спорт қауымдастығы көңіл айтты

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, оның қазақстандық спортқа қосқан үлесін ерекше атап өтті.

"Бұл – марқұмның отбасы мен жақындары үшін ғана емес, бүкіл спорт қауымы үшін орны толмас ауыр қаза", – делінген ресми хабарламада.

Танат Сағындықовтың есімі спорт тарихында сақталады

Танат Сағындықовтың қазақстандық күреске сіңірген еңбегі мен тәрбиелеген шәкірттері оның спорттағы мұрасын жалғастыра бермек.

Комитет өкілдері белгілі бапкердің есімі қазақ спорты мен грек-рим күресінің тарихында сақталатынын атап өтті.

Жарнама
Жарнама