Жарнама
Жарнама

Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет ондыққа енді

Отандастарымыздың ең жоғары нәтижесі ерлер эстафетасындағы жетінші орын болды.

Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет ондыққа енді
Offside.kz

Қытайдың Гуйянь қаласында әлем чемпионатының эстафеталық бәсекелері аяқталды. Қазақстан спортшылары ерлер, әйелдер және аралас эстафетада ел намысын қорғады.

Ерлер арасындағы эстафетада Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жұбы жарысты жетінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының эстафеталық бағдарламадағы ең үздік көрсеткіші болды.

Әйелдер құрамасы да үздік ондыққа кірді

Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова сынға түсті. Қазақстандық дуэт жарыс қорытындысында тоғызыншы нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының топ-10 қатарына енді.

Ал Кирилл Стадник пен Ярославна Понер аралас эстафетада жарысты тоғызыншы орынмен аяқтап, ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы үшінші топ-10 нәтижесін тіркеді.

Енді жекелей сын басталды

Эстафеталық жарыстар аяқталғаннан кейін Гуйяньдағы әлем чемпионатында спортшылар жекелей сынға кірісті.

Қазақстан құрамасының өкілдері енді жеке бағдарламада медальдар үшін таласады.

Жарнама
Жарнама