Жавохир Синдаров президент сыйлаған көлігін көрсетті
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев сыйға тартқан жаңа көлігін көрсетті.
Шахматшы бұл сыйлықты Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы жеңістен кейін алған. Журналист Умида Олимованың Instagram парақшасында Синдаровтың көлікке алғаш рет отырған сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан шахматшыға берілген көліктің Volkswagen Terramont Pro маркасы екені көрінеді.
Гроссмейстер сұхбат барысында журналиске сыйлыққа риза екенін айтып, көлікті ата-анасын тасымалдауға пайдаланатынын да атап өтті.
"Мен өте қуаныштымын. Құдай қаласа, бүгін президенттен алған үшінші сыйлығым болды."
Әңгіме барысында шахматшыға жеңісінен кейін үй, автокөлік және 200 мың доллар көлемінде сыйақы берілгені айтылды. Өзбекстан ерлер құрамасынан олимпиадада Нодирбек Абдусатторов, Жавохир Синдаров, Нодирбек Якуббоев, Шамсиддин Вохидов және Мухиддин Мадаминов өнер көрсетті.
Шахматшылар 11 турдың 10-ында жеңіске жетіп, жалпы 22 мүмкін ұпайдың 20-ын жинаған.