ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Сіздерді мақтан тұтамын". Жерар Пике Асаубаева мен Синдаровқа үндеу жасады

"Барселона" сапында төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп, әлем чемпионы атанған Жерар Пике Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде жүлдеге іліккен FYERS American Gambits командасын құттықтады.

"Сіздерді мақтан тұтамын". Жерар Пике Асаубаева мен Синдаровқа үндеу жасады
instagram.com/3gerardpique/

Пике командасына арнайы үндеу жолдады

Испания футболының аңызы команданың құрамында өнер көрсеткен қазақстандық Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровқа да жылы лебізін білдірді.

Жерар Пике әлеуметтік желідегі парақшасында FYERS American Gambits ойыншыларының Бангалордағы нәтижесіне жоғары баға берді.

"Сәлем, жігіттер. Үшінші орын алғандарыңызбен құттықтағым келеді. Менің ойымша, сіздер өте жақсы өнер көрсеттіңіздер. Жеңіске өте жақын болдық. Соған қарамастан, сіздерді қатты мақтан тұтамын. Болашақта міндетті түрде жеңіске жететінімізге сенімдімін. American Gambits, алға!" – деді Пике.

Асаубаева мен Синдаров қола жүлде жеңіп алды

Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінде FYERS American Gambits үшін Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров сәтті өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде олардың командасы CheQ Mumba Masters ұжымын екі рет жеңді. Алғашқы кездесу 3,5:2,5, екінші матч 4:2 есебімен аяқталды.

Осы нәтижелердің арқасында FYERS American Gambits турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Синдаров Карлсенді басып озды

Жавохир Синдаров турнирде бірінші тақталар арасында үздік нәтиже көрсетіп, жинаған ұпай саны бойынша әлем чемпионы Магнус Карлсенді артта қалдырды. Бибісара Асаубаева да командасының жүлдеге жетуіне елеулі үлес қосты. Қазақстандық шахматшы шешуші кездесулерде маңызды партиялар өткізді.

Айта кетейік, Жерар Пике 2026 жылдың тамызында FYERS American Gambits командасының стратегиялық акционері әрі инвесторларының бірі атанған. Осыдан кейін бұрынғы футболшы команданың дамуына белсенді араласып, шахмат жобасын қолдап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?