ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Асаубаева мен Синдаров миллион долларлық турнирді жүлдемен аяқтады

Қазақстандық шахматшы мен өзбек гроссмейстері Бангалор қаласында Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде үшінші орын иеленді.

Асаубаева мен Синдаров миллион долларлық турнирді жүлдемен аяқтады
instagram.com/saraa_khadem/

FYERS American Gambits қола жүлде еншіледі

Үшінші орын үшін өткен текетіресте FYERS American Gambits командасы CheQ Mumba Masters ұжымынан екі матчта да басым түсті. Алғашқы кездесу 3,5:2,5 есебімен аяқталса, екінші матчта American Gambits қарсыласын 4:2 есебімен жеңді.

Осы нәтижеден кейін Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров өнер көрсеткен команда Global Chess League-2026 турнирінің қола жүлдегері атанды.

Асаубаеваның шешуші партиясы

Бибісара Асаубаева үндістандық Харика Дронаваллимен екі рет кездесті. Бірінші партияда қазақстандық шахматшы ақ тастармен ойнап, қарсыласына жол берді. Ал қарымта кездесуде Асаубаева қара фигуралармен партияны тең нәтижемен аяқтады.

Бұл тең ойын командалық есеп тұрғысынан маңызды нәтиже болды және FYERS American Gambits-тің жүлделі орынға ие болуына үлес қосты.

Синдаров Вашье-Лагравпен тең түсті

Бірінші тақтада өнер көрсеткен Жавохир Синдаров франциялық белгілі гроссмейстер Максим Вашье-Лагравпен кездесіп, партияны тең аяқтады. Өзбек шахматшысының нәтижесі де команданың жалпы есебіне оң әсер етті.

Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде Ganges Grandmasters командасы жеңімпаз атанды. Финалда үндістандық ұжым Alpine APL Pipers командасын жеңіп кетті.

Global Chess League турнирінің төртінші маусымына әлемнің жетекші шахматшылары қатысты. Олардың қатарында норвегиялық Магнус Карлсен, Ян Непомнящий және басқа да танымал гроссмейстерлер болды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион долларға тең болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?