Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров Өзбекстанға келді
Асаубаеваны Самарқандта өтетін 2026 жылғы Шахмат олимпиадасы күтіп тұр.
Асаубаева Ташкенттен суреттер жариялады
Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында Ташкенттен бірнеше фотосурет жариялады. Кадрларда олардың Өзбекстан астанасының әуежайына келген сәті, елдің туы бейнеленген стелла және Самарқандта өтетін алдағы Шахмат олимпиадасына арналған баннер көрінеді.
Қазақстандық шахматшы жазбасына қысқа ғана:
"Ташкент", – деп жазып, сәлемдесу белгісін қосты.
Бангалорда жүлдегер атанды
Асаубаева мен Синдаров бұған дейін Үндістанның Бангалор қаласында өткен беделді Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық коммерциялық турнирінде өнер көрсетті.
Қос шахматшы Fyers American Gambits командасының намысын қорғады. Жарыстың қорытындысы бойынша олардың командасы үшінші орынға ие болды. Осылайша Бангалордағы турнирді жүлделі нәтижемен аяқтаған шахматшылар кейін Өзбекстанға аттанды.
Самарқандтағы 46-шы Шахмат олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі 15 қыркүйекке жоспарланған. Ал негізгі партиялар 16-27 қыркүйек аралығында өтеді.
Бибісара Асаубаева Олимпиадада Қазақстан әйелдер құрамасының сапында ел намысын қорғайды.
