Қытай
Махмұд Сабырхан Қытай боксшысын ірі есеппен жеңді
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының (World Boxing) жартылай финалында қарсыласын ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды.
Қазақ UFC-ден кетті
Этникалық қазақ файтері Мақсат Қайсардың UFC-дегі мансабы аяқталды.
Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай қытайлық қандасын таза жеңіспен ұтты (ВИДЕО)
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі, 80 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирде топ жарды
20 жастағы қазақстандық теннисші көрші елде өткен ITF W15 сериялы турнирінде қарсыластарын қапы қалдырып, басты трофейді иеленді. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі екінші ірі жеңісі.
Қазақстан құрамасы тағы бір жұлдызынан айырылды
Қазақстан құрамасының мүшесі, тәжірибелі боксшы Надежда Рябец Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады.
Жас каратэшілер Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты
Қытайдың Шао-Гуань қаласында 5–7 қыркүйек аралығында кадеттер, жасөспірімдер және 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы екі күні Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Жас спортшыларымыз екі алтын, бір күміс және бірнеше қола жүлде жеңіп алды.
Қазақ боксшылары төрт "алтынмен" Өзбекстанды артта қалдырды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы Үрімшіде өткен беделді «Belt and Road» халықаралық турнирінде қазақстандық қыздар керемет нәтиже көрсетті.
Әлем чемпионы болатын қазақстандық боксшы аталды
Сарапшылар оның әлеуетін жоғары бағалап, жақын жылдары әлемдік аренада топ жаратынына сенімді.
Дияр Нұрғожай – Уран Сатыбалдиев жекпе-жегі UFC Shanghai турнирінде қашан өтеді?
23 тамыз күні Қытайдың Шанхайда өтетін UFC Fight Night 257 турнирінде қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) мен қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (8-1) октагонға шығады.
Қазақстандық боксшылар Қытайдағы ірі турнирге қатысады
18 тамызда Қытайдың Үрімші қаласында Халықаралық жастар бокс форумы мен беделді "Спорттық лотерея кубогы" турнирі басталады. Қазақстан құрамасы бұл додада басты қатысушылардың бірі болмақ.
Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында үш медаль еншіледі
Қазақстан құрамасы Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан слаломды есуден Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.
Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толыға түсті
XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының жекпе-жек өнеріндегі медаль қоржыны тағы бір марапатпен толықты. Джиу-джитсудан 77 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Дүйсенқұлов финалда күміс жүлдегер атанды.
Соңғы секундтағы ғажайып! Қазақстандық әлем чемпионы топ жарды (ВИДЕО)
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жәнібек Әбу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарда алтын медаль иеленді. Ол финалда жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды.
Қазақстандық каратэші XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Әйелдер арасындағы 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль иемденді.
"Куньлунь Ред Стар" тарап кетті
Қытайды ҚХЛ-де танытып келген хоккей клубы өз тарихының бір кезеңін жапты. Команда Құрлықтық хоккей лигасында енді өнер көрсетпейді.
Джалоловты нокаутқа түсірген қазақ боксшысы жүлдегер атанды (ВИДЕО)
Таиландтағы жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында Темірлан Мұқатаев медаль жеңіп алды.
Қытайлық спортшы бір саусағымен Гиннестің жаңа рекордын тіркеді (ВИДЕО)
Қытайлық фитнес-инфлюенсер және рекордшы Лю Вэйцян Гиннестің рекордтар кітабына кезекті рет енді. Бұл жолы ол бір ғана саусағымен 144,72 килограмдық ауырлықты көтеріп, бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті.
Дияр Нұрғожай қатысатын UFC турнирінің билеттері санаулы секундта сатылып кетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай қатысатын UFC Fight Night 257 турниріне арналған билеттер бір минутқа да жетпей түгел сатылып кеткені белгілі болды.
Африкалық шабандоз "Астана" командасына Қытайда тарихи жеңіс сыйлады
Эритреялық велошабандоз Хенок Мулубрахан Қытайдағы беделді "Цинхай көлінің турында" жеңімпаз атанды.
Қазақстандық балуан керемет стильде Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында (U20) еркін күрес шебері Едіге Қасымбек 125 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.