әнші
"Өз әні сияқты айтып жүр": Қайрат Нұртасқа жас әншіден шағым түсті (ВИДЕО)
Ән авторының айтуынша, бұл туынды авторлық құқықпен қорғалған және Қайрат тарапынан еш келісім болмаған.
"8 бала табыңыз": Айгүл Иманбаеваның тыңдарманы гауһар білезігін сыйлады (ВИДЕО)
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында жан тебірентерлік сәттің видеосын жариялады. Видеода той үстінде әншіні көріп қалған тыңдарман оның қолына гауһар таспен көмкерілген білезігін сыйға тартқанын көруге болады.
Ерке Есмахан жүрек тербеген суреттерімен желіні елжіретті (ВИДЕО)
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан Instagram парақшасында ерекше әсерлі жазба жариялап, оқырмандарының жүрегін елжіретті. Әнші болашақ ананың болмысын бейнелейтін нәзік суреттерін бөлісіп, ішіндегі сәбиін аялап тұрған сәттерін көрсетті.
Динара Қырықбаева пластикалық операциядан кейінгі өзгерісін көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстандық актриса мен әнші операция нәтижесіне дән риза.
Төреғали Төреәлі сырқатынан кейін Астанада бой көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі сырқатынан кейін алғаш рет әпкесі Фаризаның Instagram парақшасында жарияланған видеода бой көрсетті.
Мөлдір Әуелбекова: “Енді үнсіз қала алмаймын – айтып жазамын!”
Threads парақшасында ашық мәлімдеме жасаған әнші еліміздегі өнер саласындағы қысымдар туралы ойын жариялады.
"Бір толқында": Қайрат Нұртас пен қызы Алау KazNet-ті жарды! (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас пен оның ортаншы қызы Алау Instagram желісінде жариялаған биші дуэтімен желіні жарды. Жанды қимыл, жылы эмоция және отбасылық үйлесім — барлығы бір видеода. Жазбаны алғаш болып Алаудың жеке парақшасы жариялады.
"Автобусқа ақшам болмаған кездер болды": Нұрболат Қанай алғашқы концерті туралы
Танымал әнші Нұрболат Қанай өзінің шығармашылық жолының басындағы қиын сәттерді есіне алды. Әнші алғашқы концертін ұйымдастырған жылдары қаржылық қиындықтарға тап болғанын жасырмай айтты.
Ерке Есмахан кішкентай ұлының жаңа суреттерін көрсетті
40 жастағы танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында кіші ұлы Исламның жаңа суреттерін жариялап, жанкүйерлерін тағы бір қуантты.
Алтынай Жорабаева жамбасына жасалған операциядан кейінгі жағдайын айтты
Қазақстанның халық сүйіспеншілігіне бөленген әншісі Алтынай Жорабаева өзінің денсаулығына қатысты тың жаңалығын жариялады. Ол жамбас сүйегіне операция жасалғанын айтып, қазіргі жағдайын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Меруерт Түсіпбаеваға жас жігіттен тосын ұсыныс түсті
Эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаеваға өзінен бірнеше жас кіші жігіттен ерекше мазмұндағы хат келген.
Ерке Есмаханның жасөспіріммен сөйлескен сәті жұрттың наразылығын тудырды (ВИДЕО)
Танымал әнші Ерке Есмахан сахнада жасөспірім көрерменмен еркін сөйлескен сәті әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.
Ақбота Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті (ВИДЕО)
Отандық танымал әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзіне тиесілі жаңа баспанасын көрсетті. Instagram парақшасында жаңа шаңырағының алғашқы кадрларын жариялап, оқырмандарына қуанышын жеткізді.
Қайрат Нұртас концерттік тур қарсаңында анасымен Түркияда демалды (ВИДЕО)
Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртас продюсер әрі анасы Гүлзира Айдарбековамен бірге Түркияда демалып қайтты. Бұл жайлы Гүлзира ханым өз Instagram парақшасында бөлісті. Видео Анталия аймағындағы Белек қаласында түсірілді.
Мақпал Исабекова өскен балаларын көрсетті (ФОТО)
Қазақстандық танымал әнші, 41 жастағы Мақпал Исабекова желіде көпшіліктің сүйіктісіне айналған балалары Теодор мен Илаяның жаңа суреттерін жариялады.
Димаш Құдайберген Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген клип ұсынды (ВИДЕО)
Әлемге танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Ол қазақ әдебиетінің классигі, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" атты туындысына түсірілді.
"Жан тыныштығым бәрінен қымбат": Әсел Сәдуақасова Балидегі өмірінің қалай өзгергенін айтты
Қазақстандық танымал актриса, продюсер және әнші Әсел Сәдуақасова қазіргі өмірін Индонезиядағы Бали аралында өткізіп жүр. "Келинка тоже человек" фильмінен кейін халыққа жақсы таныс болған әртіс бұл өмір салтының оған ішкі тыныштық пен тепе-теңдік әкелгенін жасырмады.
Димаштың інісі "Тау ішінде" челленджін ерекше видеомен қолдады (ВИДЕО)
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің туған інісі — Мансұр Құдайберген ағасының жаңа бастамасын креативті видеомен қолдады. Бұл видео — Димаштың "Тау ішінде" атты комедиялық клипіне арналған челлендж аясында түсірілген.
"Өзіме үкім шығармаймын": Қайрат Нұртастың жары мини кигені үшін айтылған сынға жауап берді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі төрт баланың анасы Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде сынға ұшырады.
"Өзіңді осылай жақсы көру керек": аяғы ауыр Ерке Есмахан жаңа суреттерін жариялады (ФОТО)
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялап, жеке өмірі мен ішкі күйі жайлы әсерлі жазба қалдырды. Қазір үшінші сәбиін күтіп жүрген 40 жастағы өнер иесінің бұл жазбасы көпшіліктің жүрегінен орын тапты.