Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан Азия чемпионатында нокауттар парадын ұйымдастырды

Сарапшы, спорт журналисі
13.05.2025, 22:53

Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін жарқын жеңістермен басталды. Отандастарымыз алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарын нокаутқа түсіріп, турнирдің басты фавориттерінің бірі екенін дәлелдеді.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Нокауттармен басталған жастар турнирі

Жастар арасында өнер көрсеткен қазақ боксшыларының алғашқы күнгі нәтижелері қуантады. Төрт бірдей былғары қолғап шебері техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, өз салмақ дәрежесінде айқын басымдық танытты.

  • 51 кг — Досымжан Таңатар Шри-ланкалық Татсара Илангасингхагені төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
  • 54 кг — Алдияр Баһадүр қарсыласы Хеттиарачи Видушаны (Шри-Ланка) сенімді түрде ұтып шықты.
  • 57 кг — Нығман Нығмет австралиялық Ангус Фрисвеллді екінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты.
  • 60 кг — Әділет Тортубек қырғызстандық Зоир Ходжабековті үшінші раундта нокаутқа жіберді.

22 жасқа дейінгі турнир: ерлер мен әйелдер де жарқырады

Ерлер

  • 54 кг — Кенже Мұратұлы Зафарбек Камиловпен (Қырғызстан) жекпе-жекте өкінішке қарай төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.
  • 60 кг — Нұрислам Қалдыбаев Непалдан келген Шерпа Вангди Чхирингті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Әйелдер

  • 50 кг — Гүлнәр Тұрапбай Сауд Арабиясының боксшысы Яра Әл-Амриді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп, сенсациялық нәтиже көрсетті.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары