
Қазақстандық ММА файтері, UFC-ке басты үміткерлердің бірі Аян Тұрсын бокстан ұлттық құрама капитаны Назым Қызайбаймен арадағы достығының тарихымен бөлісті.
Бұл туралы ол "Sport+" YouTube арнасында айтты.
"Біздің достығымыздың құпиясы – қалай басталғанында. Біз спорт мектебінде оқып жүргенде таныстық. Ол жақта бокс бөлімшесі бөлек, таеквондо бөлімшесі бөлек болатын. Ол кезде спорт интернаттарында “түсінік жүйесі” деген болды. Мен алғаш келгенімде, боксшы қыздар мені тексермек болды, арасында Назым да бар. Сонда мен: “Тұрмай тұрыңдар, жаттығуға кешігіп бара жатырмын”, – деп жауап бергенмін. Сол сәттен бастап бәрі өзгерді", – дейді Аян.
Аян Тұрсын сұхбат барысында Назым Қызайбайдың тек спортта емес, жеке өмірде де қолдау көрсеткенін атап өтті.
"Анаммен қатты ренжісіп қалған кезім болды. Сол кезде дәл Назым мені жалғыз қалдырмай, таңғы алтыға дейін жанымда отырды. Мен жылап отырдым, ал ол тек қасымда болды. Міне, нағыз достық деген осы", – дейді ол.
Айта кетейік, Аян Тұрсын бір кезеңде Қазақстан атынан UFC-ге алғашқы қыз-келіншек файтер ретінде ұсынылған басты кандидаттардың бірі болған. Оның жетістіктері мен дайындық деңгейі әлемдік промоушеннің назарынан тыс қалмаған.