Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Аяжан Ермек турнир қожайынын сабап, Азия чемпионатының жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.08.2025, 13:35

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U19 және U22 жас аралығындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Аяжан Ермек кемінде қола жүлде иемденді.

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға өтті

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Аяжан тайлық Чавалук Соннуммен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ Ермек қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдығын көрсетті. Ал үшінші раундта төреші екі мәрте есеп ашуға мәжбүр болды. Тай боксшысы өз алаңында өнер көрсеткенімен Ермектің үстемдігі айқын болды.

Нәтижесінде барлық төрешілер бірауыздан жеңісті Аяжанға берді. Осылайша ол жартылай финалға шықты және кем дегенде қола медальді қоржынға салды.

Ермектің Азиядағы екінші ірі жетістігі

Айта кетейік, 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында да Аяжан Ермек чемпион атанған. Яғни, бұл — оның құрлықтық деңгейдегі екінші ірі жетістігі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары