Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшы күтпеген жерден АЧ финалына жолдама алды

Редактор Penalty.kz
06.08.2025, 10:45

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір финалиске ие болды. 

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Финалға күрессіз шыққан қазақстандық

65 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Илья Калинин жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізбеуге мәжбүр болды. Оның қарсыласы Филиппин боксшысы Марк Эшли Фахардо кездесуге аз уақыт қалғанда бас тартқан. Бұл туралы ресми түрде Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша Илья Калинин жекпе-жексіз финалға өтті, ал оның қарсыласы АЧ-2025 турнирінің қола жүлдегері ретінде танылды.

Бұл турнир — бокстағы жаңа дәуірдің бастауы

Атап өтерлігі, Бангкоктағы жастар арасындағы Азия чемпионаты — World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық дода. Бұл дода — қазіргі уақытта әлемдегі ең өзекті спорттық реформалардың бірі болып саналатын тәуелсіз бокстың жаңа бетбұрысы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары