Қазақстан — Өзбекстан финалындағы жекпе-жек жеңімпазын төрешілер анықтады (ВИДЕО)
11.08.2025, 13:33
Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында қазақстандық Санжарәлі Бегалиев алтын медаль жеңіп алды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Санжарәлі Бегалиев – Азия чемпионы!
80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлң Бегалиев U22 турнирінің бас жүлдесі үшін өзбекстандық Рахматулло Бойматовпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек өте тартысты өтті. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен Бегалиевті жеңімпаз деп таныды.
Бірінші раундта рефери қазақстандық боксшыдан бір ұпай алып тастағанына қарамастан Санжарәлі жеңісті жұлып алды.
Бойматов күміс жүлдегер атанды.
Тарихи дода – World Boxing ұйымдастырған алғашқы чемпионат
Бұл жарыс – World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы құрлықтық жастар чемпионаты.
Айта кетсек, биыл мамырда Шри-Ланкада өткен IBA ұйымдастырған Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 41 алтын медаль жеңіп алған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама