Темірлан Мұқатаев – Азия чемпионы! Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыр салмақтағы шайқас шешуші болды (ВИДЕО)
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U22) финалдық сессиясында Темірлан Мұқатаев алтын медаль иеленді.
Ауыр салмақтағы финал
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Темірлан Мұқатаев өзбекстандық Шахзод Полвоновпен алтын үшін айқасқа шықты.
Тартысты өткен жекпе-жекте Мұқатаев бөлек шешіммен жеңіске жетті. Осылайша ол тарихи чемпионаттың жеңімпазы атанды.
Полвонов күміс жүлдені қанағат тұтты.
Тарихи дода – World Boxing ұйымдастырған алғашқы турнир
2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионаты – World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы құрлықтық біріншілігі.
Бұған дейін турнир аясында 19 жасқа дейінгі спортшылардың финалдық жекпе-жектері өткен болатын.
Жарнама
Жарнама