Жартылай ауыр салмақта WBA Super, IBO, IBF, The Ring және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан алған ерекше сыйлығы туралы естелігін айтты.
Биволдың айтуынша, ол жекпе-жекте отандасы Артур Бетербиевтен жеңілгеннен кейін президент оған 1977 жылғы Rolls-Royce Silver Shadow II автокөлігін сыйға тартқан.
«Көлікті көргенде: «77-жылы осындай машиналар шыға ма?» деп ойладым. Автоматты қорабы бар, өте жұмсақ жүреді. Рестораннан үйге дейін, шамамен үш шақырым айдап бардым да, кейін гаражға қойып қойдым. Толықтай тонерленгендіктен көрінісі онша емес», – деді Бивол.
Чемпион президенттен сыйлық сұрамағанын айтады.
«Ештеңе өтінген жоқпын. Ол кезде мен жекпе-жекте ұтылғанмын. Президент қолдау ретінде сыйлаған сияқты. Бұл маған қатты әсер етті. Қазіргі спорткарлар мен жаңа көліктерден гөрі антиквариатқа қызығамын», – деді ол.