Сүндет Айтқұл UAE Warriors турнирінде дебют жасайды
Қазақстандық ММА жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық – бұрынғы OCTAGON чемпионы, отандық октагондағы ең мықты жас жекпе-жек шеберлерінің бірі Сүндет Айтқұл беделді UAE Warriors лигасымен келісімшартқа отырды.
Дебют қайда және қашан өтеді?
26 жастағы Түркістан облысының тумасы өзінің алғашқы кездесуін 22 қазанда UAE Warriors 64 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы – тәжірибесі мол бразилиялық файтер Гуидо Сантос, кәсіби мансабында 17 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтижесі бар.
Айтқұлдың рекорды мен соңғы жеңісі
Қазақ файтері кәсіби ММА-да 11 жеңіс пен 2 жеңіліске ие. Ол еліміздегі ең мықты грэпплерлердің қатарында саналады. Соңғы жекпе-жегін Сүндет Айтқұл 2025 жылдың мамыр айында OCTAGON 73 турнирінде өткізді. Сол кезде бразилиялық Жоао Педро Сальдануды (14-5) бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңіп, жанкүйерлерін тәнті етті.