Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Канело» операция жасатып, рингтен ұзақ уақытқа қол үзді

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 15:33

Мексикалық атақты боксшы Сауль «Канело» Альварес шынтағына операция жасатты. 

«Канело» операция жасатып, рингтен ұзақ уақытқа қол үзді
Instagram/@canelo

Сауль Альварестің жарақаты мен қалпына келуі

ESPN дерегінше, қалпына келу мерзімі кемінде екі айға созылады. Ал «Канелоның» қайтадан рингке шығуы 12-15 аптадан ерте болмайды. Демек Альварес 2026 жылдың екінші тоқсанына дейін шаршы алаңға оралмайды.

35 жастағы Альварес (63-3-2) соңғы айқасында америкалық Теренс Кроуфордқа төрешілер шешімімен жеңілді. Бұл нәтижеден кейін мексикалық боксшы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғай алмады.

Бұған дейінгі жарақаттар

Бұл – Альварестің соңғы жылдардағы үшінші ауыр операциясы. 2018 жылы оң тізесінен ота жасатса, 2022 жылы сол қолының сүйегіне хирургиялық ем қабылдаған. Енді шынтағындағы жарақат оның мансабына тағы бір елеулі сынақ болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір