
Халықаралық бокс федерациясының (World Boxing) конгресі биыл қараша айында өтеді. Бұған дейін Үндістанда ұйымдастырылады деп жоспарланған жиынды Рим қабылдайды.
World Boxing пен Үндістан бокс федерациясының келіссөздері нәтижесінде Конгресс 2025 жылғы 23 қарашада Римде өтетін болып бекітілді.
Жиында бірнеше маңызды мәселе қаралады:
Айта кетейік, Конгресс орны өзгергенімен әлем кубогының финалдық кезеңі бұрынғыдай Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. Турнир 17–22 қараша 2025 жыл аралығында жоспар бойынша ұйымдастырылады.
Кәсіпқой бокс жұлдызы, Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған. Егер ол сайлауда жеңіске жетсе, қазақ спорты үшін тарихи оқиға болмақ.