Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Александр Усик Жәнібек Әлімханұлының жаттығуына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
01.10.2025, 22:07

Абсолютті чемпион Александр Усик WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының жаттығуына қатысты. 

Александр Усик Жәнібек Әлімханұлының жаттығуына қосылды
Instagram/@janibek_alimkhanuly

Украиналық жұлдыздың қолдауы

Жәнібек әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасында Усиктің жаттығу процесіне белсене араласып, тәжірибесін бөліскені көрсетілген. Кадрларда украиналық чемпионның қазақстандық боксшының спаррингі кезінде эмоциясын жасырмағаны байқалады.

Усиктің сөзінше, басты мақсат – атақ пен байлық емес, ел мен әулеттің абыройын асқақтату:

«Ақша – нәтиже ғана, ол бәрібір келеді. Бірақ ең үлкен мақсат – белбеулер мен елді, өзіңді, әулетіңді даңққа бөлеу. Мұнда үлкен команда бар, олар да соған лайық. Еңбек етуіміз қажет.

Жолға шыққан адам діттеген жеріне жетеді. Біз кейде асығамыз, бірақ бәрі Құдайдың уақытында. Жеңіс те – Жаратқаннан. Біз дайындала аламыз, бәрін істей аламыз, бірақ соңғы шешімді Алла береді».

Әлімханұлының техникасына баға

Жаттығу кезінде Усик Жәнібектің рингтегі қимылын жоғары бағалап, нақты кеңестерін айтты:

«Спарринг ерекше өтіп жатыр. Жәнібек бәрін байқайды, бәрін орындайды. Алдыңғыдан кейін баспен шығып, не тура, не жанама соққы жаса. Қарсыластың қолы көтеріледі, сен осы арада шабуылдауың керек. Өте ақылды, жарайсың!»

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы жақын арада үлкен жекпе-жек жарияланатынын мәлімдеген. Сонымен қатар, оның WBC чемпионы Карлос Адамеспен біріктіруші айқасқа қатысты келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір