
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатының уақыты мен өтетін орнын ресми жариялады.
IBA ресми мәлімдемесінде:
«Біз 2025 жылғы IBA элиталық ерлер арасындағы әлем чемпионатын үлкен қуанышпен жариялаймыз. Біріншілік 2–13 желтоқсан аралығында Дубайдағы әйгілі Ұлттық теннис стадионында өтеді және екі апталық Бокс фестивалінің басты оқиғасына айналады», — делінген хабарламада.
Чемпионаттағы дүниежүзінің мықты боксшылары тек чемпиондық атақ үшін емес, тарихтағы ең ірі жүлде қоры үшін де бақ сынайды. Турнирдің жалпы сыйақы қоры 8 миллион доллар болады. Әрбір салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған 300 мың доллар табысқа ие болады.
Бұл көрсеткіш бокстың бүкіл тарихындағы ең қомақты жүлде қоры ретінде тіркелмек.
Халықаралық бокс қауымдастығының басшысы Умар Кремлёв чемпионаттың маңызын ерекше атап өтті:
«Бұл чемпионат тек рекордтар мен қаржы жайлы емес. Әрбір боксшы, әрбір жаттықтырушы мен ұлттық федерация өзіне лайықты құрмет пен марапат алуы тиіс», — деді ол.
Қазақстан боксшылары да бұл жарыста ел намысын қорғайды деп күтілуде.