Бокс тарихындағы ең танымал спортшылардың жекпе-жегі көктемге жоспарлануда.
Америкалық бокс аңыздары Майк Тайсон мен кіші Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек осы көктемде Конгода өтуі мүмкін.
Бұл ақпаратты The Ring басылымының инсайдері Майк Копинджер таратты. Оның мәліметінше, кездесу 25 сәуірге жоспарланған.
Қазір 59 жастағы Тайсон кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жеткен, оның 44-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ еншісінде 7 жеңіліс бар. Кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған еді. Алайда 2024 жылдың қарашасында ол блогер Джейк Полмен жұдырықтасып, сегіз раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңілген еді.
Ал 48 жастағы Флойд Мейвезер кәсіпқой рингте 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 27 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.
Оқи отырыңыз: