Жуырда отандасымыз Weibo әлеуметтік желісінде әдеттен тыс бейнежазба жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Елена Рыбакина Қытайдағы жанкүйерлеріне арнап Weibo әлеуметтік желісінде жаңа видео жариялады.
17 ақпанда Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталды. 2026 жылдың символы – Қызыл отты жылқы. Осыған байланысты Елена Рыбакина осы жылдың символын қағазға түсірді.
"Жылқыға ұқсай ма? Осылай қалдырайық. Барынша тырыстым. Сурет салу – менің мықты қырым емес", – деді спортшы күлімдеп.
Видео қытайлық жанкүйерлерге арнайы жолданған. Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл Қытайда, Кореяда, Вьетнамда және Азияның өзге елдерінде кеңінен аталып өтеді. Мереке дәстүр бойынша екі аптадан астам уақытқа созылады.