"Арсенал" испаниялық жұлдыз үшін 100 млн еуро төлеуге дайын

Сарапшы, спорт журналисі

Ағылшындық клуб сол қапталдағы шабуыл өтін күшейту мақсатында жаңа трансфер жасауды көзедуде.

"Арсенал" испаниялық жұлдыз үшін 100 млн еуро төлеуге дайын
фото: Getty Images

Лондондық "Арсенал" Бильбаоның "Атлетик" клубында өнер көрсететін испаниялық вингер Нико Уильямсқа қызығушылық танытып отыр. TEAMTalk мәліметінше, 23 жастағы футболшы қазіргі жағдайына көңілі толмайтындықтан, клубтан кету мүмкіндігін қарастыруда.

Трансфер жазғы ауысым кезеңінде жасалуы мүмкін

"Арсенал" Уильямстың өкілдерімен байланысқа шығып үлгерді және жазғы трансферлік терезе қарсаңында ресми ұсыныс жасауға ниетті. "Атлетик" басшылығы ойыншының кетуі ықтимал екенін түсінеді, себебі ол өзін жайлы сезінбейді және мансабында алға қадам жасау қажет екенін ұғынады.

Баск клубы вингерін кемінде 100 миллион еуроға ғана жіберуге дайын. Алайда дереккөздердің айтуынша, бұл баға "Арсеналды" тоқтатпайды.

Осы маусымда Уильямс "Атлетик" сапында 26 матч өткізіп, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта клуб Ла Лига турнирлік кестесінде 28 ұпаймен 10-орында тұр.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір