"Ювентус" ойыншылары "түрме формасымен" матч өткізбек

Сарапшы, спорт журналисі

Италиялық алпауыт ерекше форманы 21 ақпан күні "Комоға" қарсы матчта киіп шығатыны белгілі. 

"Ювентус" ойыншылары "түрме формасымен" матч өткізбек
metaratings.ru

Италияның атақты "Ювентус" клубы ішкі біріншілік аясындағы алдағы матчқа ерекше форма киіп шықпақ. Ерекше болғаны соншалық, оның дизайны әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, "түрме стилі" деген атауға да ие болды. 

Клуб тарихында тұңғыш рет

Туриндік команда 128 жылдық тарихында алғаш рет дәстүрлі тік қара-ақ жолақтардың орнына көлденең жолақты жейдемен ойнайды.

"Ювентус" бұл бірегей форманы 21 ақпанда "Комоға" қарсы матчта кимек. Кездесу А сериясы аясында өтеді.

Фото: t.me/pervsport

Желідегі жазбалар

Жаңа дизайн бірден жанкүйерлер назарын аударды. Әлеуметтік желілерде кей қолданушылар форманы "түрме киіміне" ұқсатса, енді бірі оны батыл эксперимент деп бағалады.

"Тұтқын стилі" атауы тіпті 2006 жылғы "Кальчополи" жанжалымен байланыстырылған пікірлер де бар. Естеріңізде болса, сол жылы келісілген матчтарға қатысты дауға байланысты "Ювентус" В сериясына түсіп қалған еді. 

Маркетингтік қадам ба?

Сарапшылардың пікірінше, жаңа форма – клубтың маркетингтік стратегиясының бір бөлігі. Ерекше дизайн жанкүйерлер арасында қызығушылық тудырып, сатылымды арттыруы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір