Еліміздің ең танымал волейболшысы елордалық клубпен келісімшартты үзгені белгілі болды.
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова "Астана" клубынан кетті. Бұл туралы "Инсайды волейбол KZ" Telegram-арнасы хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, еліміздегі ең медиялық волейболшылардың бірі саналатын Алтынбекова биылғы маусымда енді елордалық команда сапында өнер көрсетпейді. Спортшы "Астана" волейбол клубымен арадағы келісімшартты өзара келісім негізінде бұзғаны айтылады.
Сәбина "Астана" құрамына 2025 жылдың күзінде қосылған еді.
Еске салайық, Сәбина Алтынбекова өткен жазда 4 жыл шетелде ойнағаннан кейін Қазақстанға оралып, "Астана" клубымен келісімшарт жасаған. Алайда елордалықтар биылғы маусымда Ұлттық лигада 17 ойын өткізіп, бірде-бір ұпай еншілеген жоқ.
Ол Қазақстанға Индонезияның "Yogya Falcons" клубынан оралған болатын. Бұған дейін волейболшы Жапонияның "GSS Sunbeams" командасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубында доп тепті.
Айта кетейік, "Әл-Васл" сапында Алтынбекова Араб лигасының чемпионы атанып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен. Сәбина Алтынбекова тек спорттық көрсеткіштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі белсенділігімен де кең танымал. Қазіргі уақытта оның алдағы мансабы қай клубта жалғасатыны әзірге белгісіз.