Ана мен бала. Ақ олимпиадада бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Тау шаңғышылары Сара Шлепер мен оның ұлы Лассе Гахиола Италиядағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, әлем жұртшылығын таңқалдырды. 

Ана мен бала. Ақ олимпиадада бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді
BetNews.by

Қысқы Олимпиада ойындары тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға тіркелді. Милан–Кортина-2026 бәсекесінде алғаш рет бір Олимпиада аясында анасы мен ұлы қатар өнер көрсетті.

Тарихи дуэт: Сара Шлепер мен Лассе Гахиола

Таңқаларлық жағдайдың тіркелуі тау шаңғышылары Сара Шлепер (46 жаста) мен оның ұлы Лассе Гахиолаға (18 жаста) арқасы. 

  • Сара Шлепер супергигант және алып слалом жарыстарына қатысты.
  • Лассе Гахиола алып слалом мен слалом дисциплиналарында бақ сынады.

Екі спортшы да АҚШ азаматы. Бірақ Италиядағы Олимпиадада Мексика құрамасының намысын қорғады.

Фото: thevoicemag.ru

Ана үшін – жетінші, ұлы үшін – алғашқы Олимпиада

Сара Шлепер үшін бұл Олимпиада мансабындағы жетінші ойын болды. Ол бірнеше онжылдық бойы әлемдік деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан тәжірибелі спортшы. Десе де, биылғы байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсете алмады. Спортшы жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады. 

Ал 18 жастағы Лассе Гахиола үшін Милан Олимпиадасы – алғашқы олимпиадалық старт. Жас спортшы бірден тарихи оқиғаның бір бөлігіне айналды.

Айта кетейік, спорт тарихында әке мен ұл немесе ағайынды спортшылардың бір Олимпиадада бақ сынаған кездері болған. Бірақ анасы мен ұлының бір мезетте қысқы Олимпиадаға қатысуы – алғаш рет тіркелген жағдай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір