Олимпиада-2026: Бүгін кім сынға түседі?
Қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен бақ сынайды. Жарыстарды тікелей эфирде тамашалауға болады.
Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының 11-жарыс күнінде яғни 17 ақпанда Қазақстан құрамасы төрт бағдарлама бойынша сынға түседі. Жарыстарды тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.
Кім өнер көрсетеді?
Шаңғы қоссайысы (үлкен тұғыр)
- Басталуы: 14:00
- Қазақстан атынан: Шыңғыс Рақпаров
Спортшымыз үлкен тұғырдан секіру кезеңінде бақ сынайды.
Фристайл-акробатика (әйелдер)
- Басталуы: 14:40
- Қатысушы: Аяна Жолдас
Бұл кезеңде спортшылар финалға жолдама алу үшін іріктеуден өтеді.
Фристайл-акробатика (ерлер)
- Басталуы: 17:30
- Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхамед Раимқұлов, Роман Иванов
Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді.
Мәнерлеп сырғанау (әйелдер, қысқа бағдарлама)
- Басталуы: 22:45
- Қазақстан атынан: Софья Самоделкина
Бұл кезең спортшының финалға өту мүмкіндігін айқындайды.
Қазақстан қазір қай орында?
Қазіргі таңда Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды. Соның арқасында ұлттық құрама жалпы есепте 17-орында келеді.