"Мен барымды салдым!" - Абзал Әжіғалиев 500 метрде көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев Олимпиада-2026 ойындарында 500 метр қашықтықтағы жарыстан кейін өз пікірін білдірді.

"Мен барымды салдым!" - Абзал Әжіғалиев 500 метрде көш бастады
olympic.kz

“Қателескендер болды, мен келесі айналымға өттім”

Әжіғалиевтің айтуынша, дәл осы дистанцияда бірқатар спортшы шешуші сәтте өрескел қателік жіберген:

“Бұл қашықтықта кейбір спортшылар қателесіп қалды, дөрекі, ауыр қателіктер жіберді. Өздеріңіз көрдіңіздер, мәреге жақындағанда сүрініп, құлады. Ал мен өз кезегімде келесі раундқа өттім. Бір жарым күннен кейін қайта жарысамыз. Қазақ жанкүйерлерін бізді қолдауға шақырамын. Бізге жанкүйер болыңыздар”, — деді конькиші.

500 метрдегі жеңіс және ширек финалға жолдама

Бүгін Абзал Әжіғалиев 500 метрдегі өз жүгірісінде бірінші орын алып, ширек финалға шықты. Айта кетерлігі, жарыс барысында оның екі қарсыласы — Италия және Латвия спортшылары құлап, нәтижеге әсер етті.

Шорт-тректен 500 метр қашықтықтағы ширек финал 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір