Бұған дейін қаскөйдің әрекетінен 3 адамның опат болғаны хабарланған еді.
АҚШ-тың Род-Айленд штатында оқушылар арасындағы хоккей матчында қарулы шабуыл жасаған күдіктінің жеке басы анықталды. Бұл туралы New York Post басылымы Потакет қаласының полициясына сілтеме жасап хабарлады.
Полиция мәліметіне сәйкес, атысты 56 жастағы Роберт Дорган жасаған. Құқық қорғау органдары оның Роберта Эспозито есімін де қолданғанын растады.
Оқиға Потакет қаласындағы мұз айдынында, Coventry мен Blackstone Valley мектеп командалары арасындағы матч басталар алдында болған.
Алдын ала дерек бойынша үш адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандардың арасында Дорганның ұлының анасы болғаны хабарланды. Сондай-ақ жараланған туыстарының бірі кейін ауруханада көз жұмған. Күдікті оқиға орнында өз-өзіне қол салған.
Қазіргі уақытта трагедияның нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.