"Барыс" өз мұз айдынында Магнитогорскінің "Металлургын" қабылдады.
Кездесу өте тартысты өтті. "Барыс" 0:2 есебімен ұтылып жатып, есепті теңестірді. Алайда овертаймда жеңіс "Металлургке" бұйырды.
Бірінші кезеңде қонақтар минималды басымдықпен алға шықты. Үзілістен кейін "Металлург" басымдығын еселей түсті. Дегенмен Тайс Томпсон көпшілікте гол соғып, "Барысты" ойынға қайтарды.
Үшінші кезеңде шешуші сәт туды. Райли Уолш есепті теңестіріп, матчты овертаймға жеткізді.
Овертаймда "Металлург" жеңіс шайбасын соқты.
20 ақпанда "Барыс" Қытайдың "Шанхай Дрэгонс" клубын қабылдайды.