"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында Қытайдың "Шанхай Дрэгонс" командасын қабылдады.
Кездесудің 4-минутында "Барыс" қақпасына шайба кіріп, астаналықтар ерте гол жіберіп алды. Дегенмен бірінші кезең аяқталғанша алаң иелері ойын тізгінін қолға алып, бірден үш рет мергендік танытты.
Екінші кезеңде есеп өзгермеді. Ал үшінші жиырма минуттықта "айдаһарлар" қарқынын үдетіп, екі шайбамен таразы басын теңестірді. Нәтижесінде ойын овертаймға ұласып, қосымша уақытта қытайлық клуб шешуші голын соғып кетті.
"Барыс" 22 ақпанда Астанада Череповецтің "Северсталь" командасын қабылдайды.