Азия чемпионаты: Бүгін кім рингке шығады?

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 09:43

Кездесудің тікелей трансляциясы мен уақыты да белгілі.

NUR.KZ

Бүгін, 31 наурыз күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 Қазақстан атынан бір ғана спортшы шаршы алаңға шығады.

Римма Волосенко рингке шығады

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Римма Волосенко (60 кг) 1/8 финал кезеңінде өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы — Үндістан боксшысы Прия.

Кездесу 5-жұп ретінде жоспарланған. Сессияның басталуы — Астана уақытымен 09:00

Тікелей трансляция қайда көрсетіледі?

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы:

  • "Qazsport" телеарнасында
  • сондай-ақ онлайн платформаларда көрсетіледі. 

Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады. Ол World Boxing ұйымының аясында өтуде. Қазақстан атынан 20 боксшы (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама